Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16 қаңтардан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС KZ2P00012479 (MFLPb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 15.01.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап "Ломбард Прогресс" ЖШС (Алматы) KZ2P00012479 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLPb2; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 10.01.25 – 10.01.27; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-01-15]