16 наурыз 2025, 01:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.12.2024 12:50 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. "Қарашығанақ–Атырау" көлік жүйесіне қызмет көрсетуге жаңа келісімшарт жасасты

/KASE, 27.12.24/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ және "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." "ҚарашығанақАтырау" тасымал жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсетуге жаңа шарт жасасты. Ортамерзімді келісімшарт 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Құжат ағымдағы экономикалық жағдайларды ескеріп, мұнай тасымалының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"ҚазТрансОйл" АҚ "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясына 20 жылдан астам уақыт бойы «Қарашығанақ-Атырау» тасымал жүйесін пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетіп келеді.

"ҚазТрансОйл" АҚ "Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС, "МұнайТас" Солтүстік- Батыс құбыр компаниясы" ЖШС, "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС және басқа да ұйымдарға тиесілі құбырларды пайдалану бойынша операторлық қызметтер көрсетеді. "ҚазТрансОйл" АҚ операторлық қызметі шеңберінде қызмет көрсететін құбырлардың жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

[2024-12-27]