15 наурыз 2025, 21:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.12.2024 09:28 #Қаржы құралдары

27 желтоқсаннан бастап Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) KZX000002183 (BSTD_KZe1) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 27.12.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 25 желтоқсанында (Black Sea Trade and Development Bank) (Греция) KZX000002183 (BSTD_KZe1; $100,0 млн; 01.07.24 – 01.07.29; жарты жылдық купон, жылдық 6,25%; 30/360) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізімі енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 27 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-12-27]