15 наурыз 2025, 21:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.12.2024 15:21 #Қаржы құралдары

KASE Басқармасы Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) KZX000002183 (BSTD_Kse1) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 25.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) (Греция) KZX000002183 ($100,0 млн; 01.07.24 – 01.07.29; жарты жылдық купон, жылдық 6,25%; 30/360) халықаралық облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға BSTD_KZe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Қара теңіз сауда және даму банкінің (Black Sea Trade and Development Bank) негізгі қызметі – банктік, инвестициялық қызмет.

Аталған облигациялар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2024-12-25]