16 наурыз 2025, 01:12
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.12.2024 10:45 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "FinQ" ЖШС KZ2P00012917 (FINQpp3) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 18.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 17 желтоқсанында "FinQ" ЖШС (Алматы) KZ2P00012917 (1 000 теңге, 12,0 млрд теңге; 5 жыл; 30/360) дисконттық облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға FINQpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2024-12-18]