16 наурыз 2025, 02:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.12.2024 17:42 #Қаржы құралдары

18 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 17.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 жетоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 24 қаңтарына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 24 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 27 қаңтарынан бастап қайта басталады.

[2024-12-17]