16 наурыз 2025, 00:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.12.2024 17:39 #Қаржы құралдары

11 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 10.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 жетоқсанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 18 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 желтоқсаннан бастап қайта басталады.

[2024-12-10]