16 наурыз 2025, 00:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.12.2024 16:49 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

10 желтоқсаннан бастап төрт атаулы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

/KACC, 10.12.24/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізілетін болады:

1) АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKU44 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US142_3105) халықаралық облигациялары – Т+;

2) АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CKQ32 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US143_3405) халықаралық облигациялары – Т +;

3) Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LA95 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe5) халықаралық облигациялары – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;

4) Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LF82 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, IBRDe6) халықаралық облигациялары – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2024-12-10]