16 наурыз 2025, 01:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.12.2024 14:18 #Қаржы құралдары

09 жетоқсаннан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 06.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 жетоқсанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 20 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 20 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 22 ақпанынан қайта басталады.

[2024-12-06]