KASE Листингілік комиссиясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ KZ2C00012771 (INCApp9) және KZ2C00012805 (INCApp10) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
/KASE, 06.12.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 06 желтоқсанында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00012771 (1 000 теңге, 12 094 000 000 теңге, 9 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1,0 %; 30/360), сауда-саттық коды код – INCApp9;
2) KZ2C00012805 (1 000 теңге, 23 560 000 000 теңге, 9 жыл 10 ай; жарты жылдық купон, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тиянақталған маржа 1,0 %, 30/360), сауда-саттық код – INCApp10.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.
[2024-12-06]