16 наурыз 2025, 02:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.11.2024 16:31 #Қаржы құралдары

20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031 (NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 19.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қарашасынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын, есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен репо операциялары бойынша KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 02 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

[2024-11-19]