15 наурыз 2025, 22:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.11.2024 10:54 #Корпоративтік уақиғалар

"Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ акционерлері 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 14.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 21 қазанында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • 2023 жылғы дивидендтер бөлінбесін;
  • компанияның 55 000 артықшылықты акциясы бір артықшылықты акцияға бір жай акция есебінен жай акцияларға айырбасталсын;
  • 2023 жылға артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленсін.

Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ

[2024-11-14]