16 наурыз 2025, 02:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.11.2024 18:15 #Қаржы құралдары

11 қарашадан бастап KASE-ДЕ Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 (FLGB_KZ) және State Street Global Advisors US78462F1030 (US_SPY_) бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 08.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап KASE-де есептесу күні 2024 жылдың 20 жетоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды:

- US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF (АҚШ);

- US78462F1030 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_SPY_) State Street Global Advisors (АҚШ).

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 20 жетоқсанында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де аталған бағалы қағаздармен сауда-саттық 2024 жылдың 23 жетоқсанынан қайта басталады.

[2024-11-08]