15 наурыз 2025, 23:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.11.2024 18:11 #Қаржы құралдары

11 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum Corp. US6745991058 (OXY_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 08.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 10 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 10 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

[2024-11-08]