16 наурыз 2025, 00:02
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.11.2024 15:59 #Қаржы құралдары

04 қарашадан бастап "Интергаз Орталық Азия" АҚ облигацияларының үш шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 04.11.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 01 қарашасында "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00012599 (INCApp6; 1 000 тенге, 18 734 415 000 теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360);

2) KZ2C00012607 (INCApp7; 1 000 тенге, 27 641 679 000 теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %; 30/360);

3) KZ2C00012649 (INCApp8; 1 000 тенге, 9 911 759 000 теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 9,25 %;30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 04 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-11-04]