15 наурыз 2025, 22:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.11.2024 10:41 #Бағалы қағаздар

АҚ "ЭКОТОН+" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 01.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "ЭКОТОН+" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 112 500 дана;
  • компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ОТАУ-К" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 111 375 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,00 %) бар.

[2024-11-01]