Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LA95 (IBRDe5) және US459058LF82 (IBRDE6) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 31.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 қарашасынан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:
- US459058LA95 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe5; $5,0 млрд; 10.01.24 – 10.01.31; жарты жылдық купон, жылдық 4,00 %; 30/360);
- US459058LF82 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; IBRDe6; $3,0 млрд; 10.04.24 – 10.04.31; жарты жылдық купон, жылдық 4,50 %; 30/360).
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-10-31]