15 наурыз 2025, 22:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.10.2024 15:05 #Қаржы құралдары

31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 30.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 31 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 11 қарашасынан бастап қайта басталады.

[2024-10-30]