16 наурыз 2025, 01:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.10.2024 17:45 #Қаржы құралдары

29 қазаннан бастап Қазақстан қор Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 15 қарашасына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 15 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 қарашасынан бастап қайта басталады.

[2024-10-28]