15 наурыз 2025, 23:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.10.2024 17:39 #Қаржы құралдары

29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 28.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 қазанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 27 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда- саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 27 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап қайта басталады.

[2024-10-28]