15 наурыз 2025, 23:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.10.2024 11:12 #Бағалы қағаздар

"Еуразиялық банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 28.10.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 096 038 900 дана, артықшылықты акциялар саны – 3 000 000 дана;
  • банктің 20 960 389 жай акциялары орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
  • банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ болып табылады.

[2024-10-28]