16 наурыз 2025, 01:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.10.2024 17:47 #Қаржы құралдары

24 қазаннан бастап Халықаралық қайта құру және даму банкінің US459058LA95 (IBRDe5) және US459058LF82 (IBRDe6) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 24.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 24 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Халықаралық қайта құру және даму банкінің мынадай халықаралық облигациялары енгізілді:

  • US459058LA95 ($5,0 млрд; 10.01.24 – 10.01.31; жарты жылдық купон, жылдық 4,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – IBRDe5;
  • US459058LF82 ($3,0 млрд; 10.04.24 – 10.04.31, жарты жылдық купон, жылдық 4,50 %; 30/360), сауда-саттық коды – IBRDe6.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-10-24]