15 наурыз 2025, 21:58
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.10.2024 16:28 #Сауда-саттық ақпараты

2024 жылдың қыркүйегіндегі KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 02.10.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың қыркүйегінде акциялар нарығына шолу жасайды.

Қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 10,8 млрд теңгені құрап, тамызға қатысты 19,0%-ға немесе 1,7 млрд теңгеге ұлғайды. Қыркүйек айында биржалық сауда-саттық тек қайталама нарықта өтті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 515,7 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 6 144 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 83,9 мың теңгені құрады.

KASE Индексінің мәні қыркүйек айында 2,5%-ға төмендеп, айдың соңына қарай 5 171,79 тармақты құрады.

----------------------------------------------------------------
                                                         Көлемі,
                                                      млрд теңге
                                             Δ, % -------- -----
             30 қыркүйек 29 тамыз Δ, % c 01.01.24 қыркүйек тамыз
------------ ----------- -------- ---- ---------- -------- -----
KASE Индексі    5 171,79 5 304,09 -2,5      +23,5     9,40  7,79
----------------------------------------------------------------

Қыркүйек айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 9,4 млрд теңгені құрады, бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 1,6 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "ҚазТрансОйл" АҚ-ның жай акцияларына – 1,9 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 19,7%) тиесілі болды.

--------------------------------------------------------------------
          Соңғы мәміленің бағасы,               Сауда-саттық көлемі,
             бір акцияға теңгемен       Δ, %               млн теңге
     ---------------------------- ---------- -----------------------
     30 сқыркүйек  29 тамыз  Δ, % с 01.01.24 қыркүйек   тамыз   Δ, %
---- ------------ --------- ----- ---------- -------- ------- ------
AIRA       841,00    822,00  +2,3      -29,3    831,3 1 000,2  -16,9
KEGC     1 505,00  1 480,00  +1,7       +1,6  1 534,1   332,4 +361,5
HSBK       209,59    210,98  -0,7      +28,1  1 436,2 1 482,3   -3,1
KZAP    18 234,97 18 394,00  -0,9       -1,2    817,3   982,1  -16,8
KCEL     3 198,50  3 232,00  -1,0      +63,6    202,9   566,6  -64,2
KZTO       815,12    827,00  -1,4       -5,8  1 853,0   873,5 +112,1
KMGZ    13 899,00 14 138,00  -1,7      +20,4    543,7   907,9  -40,1
KZTK    38 100,00 38 960,00  -2,2      +10,4    515,8   357,9  +44,1
CCBN     1 905,00  1 994,96  -4,5      +95,0    303,1   479,7  -36,8
KSPI    56 455,00 63 100,00 -10,5      +23,8  1 365,4   803,1  +70,0
--------------------------------------------------------------------

2024 жылдың қыркүйегі қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 31,5 трлн теңгені (65,7 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,5 трлн теңгеге немесе 4,5%-ға төмен.

----------------------------------------------------------------
                        30 сентября 29 августа      Изм. Изм., %
----------------------- ----------- ---------- --------- -------
Капитализация, млрд KZT   31 492,57  32 971,77 -1 479,19    -4,5
Капитализация, млн USD    65 714,95  68 517,03 -2 802,08    -4,1
----------------------------------------------------------------

2024 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі:

--------------------------------------------
                Изменение цены /            
Эмитент      (дата последней сделки) Изм., %
------------ ----------------------- -------
"KM GOLD" АҚ       91,00       58,71   +55,0
(KMGD)        (30.09.24)  (29.08.24)        
------------ ----------- ----------- -------
Kaspi.kz АҚ    56 455,00   63 100,00   -10,5
(KSPI)        (30.09.24)  (29.08.24)        
------------ ----------- ----------- -------
"БАСТ" АҚ       8 100,00    8 944,99    -9,4
(BAST)        (30.09.24)  (29.08.24)        
--------------------------------------------
* кестеде акциялар бағасының +/- 5 %-дан асатын өзгерістері келтірілген.

[2024-10-02]