20 қыркүйектен бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 19.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 20 қыркүйегiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 21 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 21 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 25 қарашасынан қайта басталады.
[2024-09-19]