16 наурыз 2025, 01:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.09.2024 16:07 #Қаржы құралдары

11 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (META_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 10.09.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 қыркүйегiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 16 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Meta Platforms, Inc. (АҚШ) US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 12 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 қыркүйегiнен бастап қайта басталады.

[2024-07-10]