16 наурыз 2025, 00:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.09.2024 12:05 #Корпоративтік уақиғалар

"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері 2023 жылдағы таза табысты бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 02.09.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) 2024 жылдың 28 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2023 жылдағы 4 070 867 мың теңге сомасындағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
  • 91 724 мың теңге – дивидендтерге;
  • 3 979 143 мың тенге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға.

Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2024-09-02]