Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00009699 (MFTFb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 19.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 тамызынан бастап "Тойота файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00009699 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFTFb2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 18.08.23 – 18.08.24; жартыжылдық купон, жылдық 17,00%; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды.
Аталған облигациялар 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 28 қарашасынан бастап ашылды.
[2024-08-19]