16 наурыз 2025, 01:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.08.2024 18:20 #Қаржы құралдары

06 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 06.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 тамыздан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 07 тамызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 тамызынан бастап қайта басталады.

[2024-08-06]