15 наурыз 2025, 21:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.08.2024 14:49 #Сауда-саттық ақпараты

2024 жылдың шілде айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 06.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың шілдесіндегі акциялар нарығына шолуды ұсынады.

Шілде айында акциялармен сауда-саттық көлемі 54,9 млрд теңгені құрап, маусымға қатысты 5,4 есеге немесе 44,8 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда- саттық көлемінің өсуі бастапқы және қайталама нарықтарда байқалды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 2,5 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 6 629 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 376,1 мың теңгені құрады. Бастапқы нарық көлемі 175,0 млн теңгені құрады.

Шілде айында KASE Индексінің мәні 1,6 %-ға өсіп, айдың соңына қарай 5 234,43 тармақты құрады.

----------------------------------------------------------
                                                   Көлемі,
                                                млрд теңге
                                         Δ, % ------------
             31 шілде 28 маусым Δ, % 01.01.24 шілде маусым
                                       бастап             
------------ -------- --------- ---- -------- ----- ------
KASE Индексі 5 234,43  5 151,81 +1,6    +25,0 12,11   9,46
----------------------------------------------------------

Шілде айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,1 млрд теңгені құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен 2,6 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның жай акцияларына – 2,2 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 17,8 %) тиесілі болды.

-------------------------------------------------------------
      Соңғы мәміленің бағасы,            Сауда-саттық көлемі,
         бір акцияға теңгемен     Δ, %              млн теңге
     ------------------------ -------- ----------------------
      31 шілде 28 маусым Δ, % 01.01.24   шілде  маусым   Δ, %
                                бастап                       
---- --------- --------- ---- -------- ------- ------- ------
CCBN  1 995,00  1 816,00 +9,9   +104,2   847,8   415,2 +104,2
KMGZ 13 434,99 12 700,00 +5,8    +16,4 2 151,1 2 238,3   -3,9
KZTK 38 874,00 36 845,00 +5,5    +12,7   997,8   480,7 +107,6
KSPI 65 550,00 63 302,00 +3,6    +43,8   924,6   647,2  +42,9
KEGC  1 480,00  1 475,00 +0,3     -0,1   643,9   922,7  -30,2
HSBK    205,87    205,70 +0,1    +25,8 1 462,4 1 878,6  -22,2
KCEL  2 964,99  3 003,00 -1,3    +51,7 2 063,3   597,2 +245,5
KZTO    814,00    832,89 -2,3     -5,9   703,7   571,7  +23,1
KZAP 18 301,01 18 801,01 -2,7     -0,8 1 003,7   508,4  +97,4
AIRA    853,02    891,49 -4,3    -28,3 1 313,5 1 201,7   +9,3
-------------------------------------------------------------

2024 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 32,9 трлн теңгені (69,3 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 608,7 млрд теңгеге немесе 1,9 %-ға жоғары.

------------------------------------------------------------
                          31 шілде 28 маусым    Өзг. Өзг., %
------------------------ --------- --------- ------- -------
Капиталдандыру, млрд KZT 32 920,88 32 312,22 +608,66    +1,9
Капиталдандыру, млн USD  69 253,18 69 411,03 -157,85    -0,2
------------------------------------------------------------

2024 жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі:

----------------------------------------------------------
                              Бағаның өзгеруі /           
Эмитент                     (соңғы мәміленің күні) Өзг., %
--------------------------- ---------------------- -------
"Teniz Capital Investment      7 100,00   5 071,00   +40,0
Banking" АҚ (TCIB)           (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Қазақтелеком" АҚ             36 790,00  27 701,00   +32,8
(KZTKp)                      (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
AltynGold plc                    979,99     760,00   +28,9
(GB_ALTN)                    (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Банк ЦентрКредит" АҚ          1 995,00   1 816,00    +9,9
(CCBN)                       (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық          13 434,99  12 700,00    +5,8
компаниясы" АҚ (KMGZ)        (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Қазақтелеком" АҚ             38 874,00  36 845,00    +5,5
(KZTK)                       (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"Аман Мунай Эксплорэйшн" АҚ      811,17     774,19    +4,8
(AMAN)                       (02.07.24) (02.02.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"ForteBank" АҚ                     5,19       5,79   -10,4
(ASBN)                       (31.07.24) (28.06.24)        
--------------------------- ----------- ---------- -------
"АК Алтыналмас" АҚ            22 108,00  25 790,00   -14,3
(ALMS)                       (10.07.24) (30.12.22)        
----------------------------------------------------------
* кестеде +/- 5 %-дан асатын акциялар бағасының өзгеруі келтірілген.

[2024-08-06]