06 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031 (NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 05.08.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 06 тамызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын, есеп айырысу күні 2024 жылдың 03 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен репо операциялары бойынша KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 03 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 05 қыркүйегінен бастап қайта басталады.
[2024-08-05]