16 наурыз 2025, 00:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.08.2024 11:24 #Бағалы қағаздар

"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 02.08.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана;
  • компанияның 6 947 467 жай акциялары орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 6 916 742 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,56 %) бар.

[2024-08-02]