Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00011596 (MFTFb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 26.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00011596 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFTFb3; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 25.07.24-25.07.28; жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; 30/360) облигацияларымен KASE сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-07-26]