03 шiлдеден бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
/KASE, 03.07.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 03 шiлдеден бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 09 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 шiлдеден бастап қайта басталады.
[2024-07-03]