15 наурыз 2025, 23:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.06.2024 10:56 #Корпоративтік уақиғалар

01 тамызда "Матен Петролеум" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 28.06.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) 2024 жылдың 01 тамызында сағат 10:00-де оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын, оның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілгенін KASE-ге хабарлады:

  • қоғамның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту;
  • 2023 жылғы есепті қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі мен нысанын анықтау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде 2023 жылға дивиденд мөлшерін бекіту. Дивидендтерді төлеудің басталу күнін анықтау;
  • акционерлердің 2023 жылы қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс әрекеттеріне өтініштерін қарау және оларды қарау қорытындылары.

Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2024-06-28]