15 наурыз 2025, 23:40
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.06.2024 09:19 #Индекстер мен индикаторлар

20 маусымнан бастап KASE "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00009772 (MFKMb3) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады

/KASE, 21.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 17 маусымынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00009772 (MFKMb3) облигацияларын алып тастады (20 маусым – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні).

2024 жылдың 20 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 53 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-06-21]