16 наурыз 2025, 01:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.06.2024 15:28 #Қаржы құралдары

18 маусымнан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны туралы ақпарат өзгертіледі және олармен сауда-саттық қайта басталды

/KASE, 17.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) NVIDIA Corp. (АҚШ) жай акциялары бойынша 10-ға 1 коэффициентімен жүргізілген сплитке байланысты келесі ақпарат өзгеретінін хабарлайды:

  • жарияланған жай акциялар саны 2 500 000 000 данадан 24 600 000 000 данаға өзгерді;
  • орналастырылған жай акциялар саны 2 396 804 463 данадан 23 652 472 668 данаға өзгерді.

2024 жылдың 18 маусымынан бастап KASE-де 2024 жылдың 27 мамырында тоқтатылған акциялармен сауда-саттық қайта басталады.

Аталған тақырып бойынша осыған дейін KASE-де 2024 жылдың 27 мамырындағы "27 мамырдан бастап KASE-де US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы жарияланған болатын – толығырақ

[2024-06-17]