15 наурыз 2025, 22:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.06.2024 16:06 #Корпоративтік уақиғалар

"Fincraft Resources" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2023  жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 12.06.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер, оның ішінде келесі шешімдер қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2023 жылға шоғырландырылған есептілік деректері бойынша жиынтық шығыны 655 273 мың теңге мөлшерінде бекітілсін;
  • 2023 жылға шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша компанияның 2 884 875 мың теңге мөлшеріндегі жиынтық шығыны бекітілсін;
  • компанияның жай акциялары бойынша 2023 жылға дивидендтерді есептемеу және төлемеу.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ 300524_76.pdf

[2024-06-12]