16 наурыз 2025, 02:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.06.2024 10:29 #Корпоративтік уақиғалар

АНОНС: 07 МАУСЫМДА KASE "KEGOC"АҚ "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

/KASE, 06.06.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 07 маусымында "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "KEGOC" АҚ басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.

Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 10:00, өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, Smart Point коворкинг орталығы.

Кездесу барысында "KEGOC" АҚ өкілдері 2023 жылдың және 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық және қаржылық нәтижелермен таныстырады, сондай-ақ ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі жобалардың іске асырылуы, компанияның болашағы мен Даму стратегиясы туралы әңгімелейді. Сарапшылар мен қаржы сарапшылары "KEGOC" АҚ- ның қаржылық жағдайын бағалауды және компания акцияларының құны бойынша болжамдарды ұсынады.

Іс-шара спикерлері:

  • Айгүл Әкімбаева, "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;
  • Эльвира Қонақбаева, "KEGOC" АҚ Стратегия және орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры;
  • Әділ Табылдиев, "Halyk Finance" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет толығырақ

[2024-06-06]