15 наурыз 2025, 23:57
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.05.2024 12:39 #Корпоративтік уақиғалар

"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 29.05.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ (Қызылорда обл) компаниясы Компанияның 2023 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті KASE-ге ұсынды.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың АҚШ долларымен):

---------------------------------------------------------
                                      31.12.23   31.12.22
Көрсеткіш                                 ж.б.       ж.б.
---------------------------------- ----------- ----------
Меншікті капитал                    69 559 301 63 467 284
Жиынтық активтер                   118 008 826 96 617 632
Жиынтық міндеттемелер               48 449 525 33 150 348
Таза пайда (таза шығын)               -661 337 -1 547 073
Жай акцияның баланстық құны, теңге       85,47      78,44
ROA, %                                   -0,56      -1,60
ROE, %                                   -0,95      -2,44
---------------------------------------------------------

Компанияның 2023 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитін "Grant Thornton" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "ШалкияЦинк ЛТД" АҚ және оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС-ке сәйкес көрсетілген күнге аяқталған жыл үшін ақша қаражатының шоғырландырылған қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді.

Есеп KASE интернет-сайтында – толығырақ

[2024-05-24]