Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Kazakhmys Copper" (Қазақмыс Коппер) АҚ жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 28.05.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (Ұлытау обл.), өзінің жалғыз акционерінің 2024 жылдың 22 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін;
- компанияның 2023 жылда таза пайдасының болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2024-05-28]