16 наурыз 2025, 01:59
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.05.2024 12:09 #Қаржы құралдары

23 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

/KASE, 23.05.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 23 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 29 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASEсауда- саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 29 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 31 мамырынан бастап қайта басталады.

[2024-05-23]