15 наурыз 2025, 23:40
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.05.2024 10:31 #Қаржы құралдары

"KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00011257 (MFKMb5) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 21.05.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2024 жылдың 20 мамырында "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00011257 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 360 күн; жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға MFKMb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады.

[2024-05-21]