16 наурыз 2025, 00:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2024 17:20 #Қаржы құралдары

02 мамырдан бастап KASE-де Texas Instruments Inc US8825081040 (TXN_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 30.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 02 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Texas Instruments Inc. (АҚШ) US8825081040 ("KASE Global" секторы, TXN_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 08 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 13 мамырынан бастап қайта басталады.

[2024-04-30]