15 наурыз 2025, 23:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.04.2024 09:18 #Қаржы құралдары

09 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында The Walt Disney Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 09.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 сәуірiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 08 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, The Walt Disney Company (АҚШ) US2546871060 ("KASE Global" секторы, DIS_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2024 жылдың 08 шiлдесiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 10 шiлдесiнен бастап қайта басталады.

[2024-04-09]