15 наурыз 2025, 23:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.03.2024 17:37 #Қаржы құралдары

28 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

/KASE, 27.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 28 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 01 сәуiрiне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 01 сәуiрiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 03 сәуiрiнен бастап қайта басталады.

[2024-03-27]