19 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 19.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 19 наурызынан бастап орталық, контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 16 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 16 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 20 мамырынан бастап қайта басталады.
[2024-03-19]