05 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
/KASE, 05.03.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 05 наурызынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 14 наурызына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 14 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 18 наурызынан бастап қайта басталады.
[2024-03-05]