16 наурыз 2025, 01:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.02.2024 10:06 #Корпоративтік уақиғалар

"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС 2024 жылдың 01 наурызынан бастап тарифтердің қайта қаралғаны туралы хабарлады

/KASE, 26.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС (Атырау) KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – ТМРКД) 2024 жылғы 15 ақпандадағы №9-ОД бұйрығымен ТМРКД-ның "Магистральдық Суағызғысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022-2027 жылдарға магистральдық құбырлар бойынша реттеліп көрсетілетін су беру қызметіне тарифтерді және тарифтік сметасын бекіту туралы 2022 жылғы 19 тамыздағы №74-ОД бұйрығына 2024 жылғы 01 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

  • халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызмет көрсететін басқа да кәсіпорындар үшін – 18,04 теңге/м3;
  • ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін – 64,98 теңге/м3;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа коммерциялық ұйымдар үшін – 683,75 теңге/м3;
  • мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін – 2 044,51 теңге/м3.

Осыған байланысты орташа тариф 1 текше метр су үшін 626,66 теңгеден 683,75 теңгеге өзгеріп, 57,09 теңгеге өсті, ол 9,1% құрайды.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2024-02-26]