16 наурыз 2025, 02:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.02.2024 16:42 #Қаржы құралдары

22 ақпаннан бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 21.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 17 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Airbus (Нидерланд) NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 17 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап қайта басталады.

[2024-02-21]