16 наурыз 2025, 00:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.02.2024 18:07 #Қаржы құралдары

12 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың 19 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 19 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 21 ақпанынан бастап қайта басталады.

[2024-02-09]